Уайдин Үмбетбай Уайдаұлы (10.10.1935 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Темірбастау» ауылы – 1. 03. 2018 ж. қ. т.) - жазушы, журналист, фельетоншы.

Лақап аты – Кейқуат.Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 245-ші бет

ҚазҮУ-ды бітірген (1965). 1954- 58 ж. Донбастағы Красный Луч қ-нда шахта құрылысшысы, 1958 ж. Шалқар ауданы газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші болып жұмыс істеген. 1959 жылдан қазақ радиосы, «Ара» журналы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Уайдиннің «Қара көзілдірік» (1968), «Құрдым шиыр» (1971), «Ендігісін айтпаймын» (1974),«Ішің білсін»(1976),«Контейнермен келген кемпір» (1978), «Тілсіз қоңырау» (1980), «Быды-быды» (1982), «Нанайын ба, нанбайын ба?» (1984), «Инабат иірімдері» (1985), «Мәселе қайда жатыр?» (1987), «Пәлен-пәштуан» (1992), «Мәңгілік мәселе» (1993) кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. Қазақстан сатириктерінің «Найзагер» қауымдастығы президентінің орынбасары. Қазақстан Жоғ. Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1935 жылы туғандар