CAPTCHA - ([ˈkæptʃə]; - толығымен автоматтандырылған адаммен компьютерді айырып тануға көпшілікке арналған тест Тьюринг) - адам мен компьютерді ажырата білу үшін жасалған компьютерлік тест. Карнеги - Меллон Университетінің тауар белгісі. Термин 2000 жылдары пайда болған. Тестің мақсаты: адам оңай шеше алатын, бірақ компьютерге қиынға соғатын, қатысушыға арналған есеп. Көбінесе есептер символдарды ажыратуға арналады.
CAPTCHA интернет-сервисті боттар қолдануын шектеу үшін қолданылады. Көбінесе автоматты хаттар жөнелту, тіркелгі жасау, файлды жүктеу, т.б. болдырму үшін қолданылады.
Іске асыру шаралары Көп таралған CAPTCHA түрі қатысушыға берілген суреттегі символдарды енгізуін талап етеді.( ережеге сәйкес бұрмаланған, кедергілермен, бұлдыраған мәтіндер беріледі). Сирек жағдайларда CAPTCHA-ның сөйлемді тану түрі беріледі(негізінде көзі нашар көретін қатысушыларға арналған). Кей кездерде нашар алгоритмдік есептер де қолданылады. Мысалы, суретте не көрсетілгенін тану, суреттегі мысықтарды белгілеу, білімге байланысты оңай сұраққа жауап беру. Арифметикалық оңай есптерді шешуге арналған CAPTCHA түрі кездеседі. Сондай-ақ Video-CAPTCHA түрі кездеседі. Оның мақсаты жылжып тұрған фон мен символды ажырату болып келеді.