Қымбат Рамазанқызы Тілеуова (22 шілде, 1958 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Қазақ ұлттық өнер университетінің "актер шеберлігі" кафедрасының меңгерушісі.

Толығырақ 1982 жылы Мәскеу мемлекеттік театр өнері иниститутының "актерлік" бөлімін үздік бітірген. 1982 жылы Оқуды бітріген соң Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды. Театрда 30-дан астам рольдер орындаған. Атап айтсақ, Мағыш (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Бала (Ш.Айтматовтың "Ақ кемесінде"), Айман (Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Шолпан (М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсінде"), Нора (Г.Ибсеннің "Қуыршақ үйінде"), Гертруда У.Шекспирдің ("Гамлетін- де"), Топыш (Ә.Кекілбаевтың "Абылай ханында"), т.б. бар. Гастрольдік сапармен Мәскеуде, Нүкіс, Ташкент және Қазақстанның бірқатар қалаларында болып өнер көрсеткен. Қымбат Рамазанқызы Тілеуова киноға ("Өлместің оралуы", т.б.) түсіп, дубляж жасаумен де айналысады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Отбасы Жары: актер, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ерік Қалиұлы Жолжақсынов.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Қазақстан киноактрисалары