Балым Серәліқызы Қожамқұлова (5 қазан 1937 жылы туған, Алматы - 26 наурыз 2021 жылы қайтыс болған, Алматы) — скрипкашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(1998).

Өмірбаяны 1952 ж арнаулы жеті жылдық музыкалық мектебін бітірген. 1957 ж Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1957-1958 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқыды. 1958-1963 ж Мәскеудің Гнесиндер атындағы музыка-педагогикалық институтында оқыды. 1975-1976 жылдарында Мәскеу консерваториясында тәжірибе жинақтаудан өтті. 1963 жылдан Алматы респ. муз. мектебінде (1963 - 74) скрипка бойынша педагог. Алматы өнер институтында скрипка бойынша педагог. 1973 жылдан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында аға оқытушы, скрипка кафедрасының меңгерушісі (1982 -1984), 1984 жылдан доцент, 1996 жылдан профессор қызметін атқарады. Балым Серәліқызы Қожамқұлова Қазақстанның танымал халық артисі Серәлі Қожамқұловың отбасында дүниеге келді. Анасы - Хадиша да қазақ театр өнерінің жарық жұлдыздарының бірі. Туған әпкесі Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова қазақтан шыққан тұңғыш палеонтолог ғалым, ал екінші әпкесі Рената Серәліқызы Қожамқұлова танымал тіл маманы.

Еңбектері «Типовые учебные программы на материале казахской музыки» (1965ж.) «Хрестоматия казахской скрипичной музыки» I және II бөлімдер (2000ж.) «Яков Иосифович Фудиман – основатель альтовой школы Казахстана» (2009ж.) «Работа над сонатами и партитурами Баха И.С. в классе народного артиста России, профессора Фихтенгольца М.И.» (2012ж.) «Хрестоматия казахской скрипичной музыки в 3 х частях» (2020ж.)

Шәкірттері Оқытушылық қызметі жылдарында Б.С. Қожамқұлова жоғары білімді 85 студентті, 10 аспирант және магистрантты, орта-арнаулы білімді 15 түлекті дайындады. Қазақстанның музыкалық мәдениетінің мақтанышы болып табылатын көптеген скрипкашыларды тәрбиелеп шығарды, олардың ішінде концертмейстер Абай атындағы МАОБТ концертмейстері – Ш. Төлепқалиева, «Астана Опера» концертмейстері – А. Байкенова, ҚазҰӨУ профессорлары А.К. Қармысова, Д.Ж.Жұмабекова, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры С.С. Жүсіпова, профессор, солист және дирижер А.Г. Пьянковский, И.Рахимова-Фрадкина, В.Тен, М.Фрадкин және басқалар бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан скрипкашылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Алматы музыка колледжі түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Гнесиндер атындағы музыка-педагогикалық институты түлектері Санат:Алматы өнер институтының оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары