Геннадий Андреевич Деграф (1.06.1940, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Корнеевка ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Қазақстан ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1997).

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген соң осы институтта ассистент (1962–63), аспирант (1966), доцент, кафедра меңгерушісі (1967–81), декан (1981–87), ғылым оқу өндірістік орталығының бастығы (1987–93), 1996 жылдан 1-проректоры қызметтерін атқарады.

1994 ж. «Обоснование технических средств для фронтальной вспашки» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Деграф 120-дан астам ғылым еңбектің, 3 монографияның авторы.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер http://www.nomad.su/?a=15-201006010019

Санат:1 маусымда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Бұқар жырау ауданында туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының академиктері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары