Евгений Георгиевич Ежиков-Бабаханов (12.05.1942 жыл, РКФСР, Саратов қаласы) - мемлекет қайраткері, Армян. Львов политехникалық институтын (1965) инженер-электрик мамандығы бойынша; Бүкілодақтық құрылыс-инженерлік сырттай оқыту институтын (1978) инженер-экономист мамандығы бойынша; КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген (1981).

КОКП мүшесі (1965-1991).

1969 жылдан - ҚазКСР партия және кеңес органдарында қызмет атқарған. 1985 жылдан - ҚазКСР монтаждық және арнаулы құрылыс жумыстары министрі. 1988 жылдан - Жезқазған облысы Әкімшілігінің басшысы. 1990 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясының төрағасы. 1993 жылдан бері - «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы» ЖАҚ президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шы және 11-ші шақырылымының депутаты. КСРО халық депутаты (1989-1991).

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен; «Даңқты қурылысшы» құрмет белгісімен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақстан Құрметті құрылысшысы.

Әскери атағы - отставкадағы полковник.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:12 мамырда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Саратовта туғандар Санат:КСРО полковниктері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан КП Жезқазған облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО халық депутаттары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан армяндары Санат:Львов политехникасы ұлттық университеті түлектері Санат:Бүкілодақтық құрылыс-инженерлік сырттай оқыту институты түлектері Санат:Халық шаруашылығы академиясы түлектері Санат:КОКП мүшелері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті құрылысшылары