Қарабұлақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Балқантау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде.
Тарихы «Комсомол» кеңшары 1954 жылы тың және тыңайған жерді игеруге байланысты комсомолдың жолдамасымен келген Украина, Белоруссия, Молдавия жастары ұйымдастырған. Кеңшар Жаңаталап ұжымшары мен мемлекеттік жер қоры бөлігінің негізінде құрылды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты – астық, етті мал және қой шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 95,4 мың га. 24 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен979 772 522 67,6 395 275 69,6 377 247 65,5
Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде 2 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, 1 дәрігерлік пункт, 1 кітапхана, пошта байланыс торабы бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланыс жасайды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері