Қарағайлы — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы кент.

Географиялық орны Облыстың шығыс бөлігінде, Қарағайлы тауының етегінде, аудан орталығы Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1954 жылы қаланған. 1969 жылдан бастап кен байыту іске қосылды. Осы жылдары Қарағайлы-Талды темір жол линиясы іске қосылып, өндірілген өнім темір жол арқылы жөнелтілді, телевизор радиорепитрі салынды. 1977-1988 жылдары Талды ауданының орталығы болған.

Өндіріс орындары Қарағайлы кен-байыту комбинаты – 2004 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің филиалы. Негізгі қызмет түрі түсті металдардың кенін өндіріп, өңдеп концентрат ретінде шығару. Шығарылған өнім Жезқазған және Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС-нің басты кәсіпорындарына жіберіледі. «Кентөбе» кен орнындағы «Өркен» ЖШС-гі 2001 жылы құрылған, негізгі қызмет түрі темір кенін өндіру.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен6188 4850 3380 69,7 2383 1727 72,5 2467 1653 67

Инфрақұрылымы 2 мектеп, 1 аурухана, мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 балабақша, кен байыту фабрикасы бар. Облыс орталығымен және басқа елді-мекендермен темір жол, сондай-ақ автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері