Нұркен Ертайұлы Сұлтанов - 1963 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Қазақ. Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы Жоғары техникалық оқу орыны зауытының қара металдар металлургиясы факультетін бітірген (1986), инженер-металлург. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1981 жылдан - Қарметкомбинат жанындағы ЖТОО-зауытының студенті (Теміртау қаласы). 1986 жылдан – Теміртау қаласы Қарметкомбинатының тау-кен қазушысы, домна пешінің газшысы, негізгі өндіріс шебері. 1995 жылдан - «Испат-Кармет» АТАҚ негізгі өндіріс шебері, домна цехы бастығының орынбасары (Теміртау қаласы). 1996 жылдан - Теміртау қаласы «Испат-Кармет» ААҚ домна цехы бастығының орынбасары. 2004 жылдан - Теміртау қаласы «Миттал Стил» АҚ комбинаты басқармасы бастығының технология жөніндегі орынбасары. 2006 жылдан – домна цехының бастығы; 2007 жылдан - бас аглодомнашысы. 2008 жылдан - «Миттал Стил Теміртау» АҚ домна цехының бастығы. 2010 жылдан бері - Қарағанды облысы Төміртау қаласының әкімі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1963 жылы туғандар Санат:Теміртауда туғандар Санат:Теміртау әкімдері