Серік Шәуенұлы Тәукебаев — (26 ақпан 1961, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық саяси қайраткер, Өскемен қаласының әкімі (2012-2013).

Өмірбаяны Қазақ. Әкесі - Тәукебаев Шәуен (1934-2002). Анасы – Маханова Алмагүл (1938-2000). Қазақ химия-технологиялық институтының құрылыс-инженерлік факультетін (1983) құрылыс инженері мамандығы бойынша; Шымкент университетінің заң факультетін (2004) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды экономикалық университетінің экономика факультетін (2005) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1978 жылдан - Қазақ химия-технологиялық институтының студенті (Шымкент қаласы). 1983 жылдан - «Қазболатконструкция» тресінің №2 Жамбыл облыстық басқармасының шебері. 1984 жылдан - «Средазтрансстрой» тресінің инженер-экономисі, құрылыс шебері, прорабы, аға прорабы, бас инженерінің орынбасары, бас инженері, СМП-194 бастығы (ОҚО Түркістан қаласы). 1996 жылдан -«Түркістанкөлікқұрылысмонтаж» АҚ бірінші вице-президенті, директоры. 1999 жылдан - Түркістан қаласы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан - Түркістан облысының құрылыс, сәулет және аумақтар құрылысы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - Түркістан облысындағы Жер инспекциясының бастығы. 2005 жылдан - Түркістан облысындағы Жер қатынастары басқармасының бастығы. 2006 жылдан - ОҚО Арыс қаласының әкімі. 2008 жылдың наурызынан қарашасына дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2009 жылдың ақпанынан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік Қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылдың қазанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. 2012 жылдың ақпанынан бері- Өскемен қаласының әкімі

Дереккөздер

Санат:Өскемен әкімдері Санат:Түркістанда туғандар