Қараменде, Қарамеңді – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Қимас тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Ақтоғай ауылы тұсында Тоқырау өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 73 км, су жиналатын алабы 1,1 мың км2. Арнасы кең, ағыны баяу. Көктемде су деңгейі көтеріледі. Алабы — шабындық. Егін суаруға пайдаланылады. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-345-15-5Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы