Василий Тихонович Шибаев (1909-1971) - кен инженері, Соц. Еңбек Ері (1948).

Днепропетровск кен институтын бітірген (1933). 1946-1951 және 1957-1959 жылдары «Қарағандыкөмір» комбинатының бастығы. 1959-61 жылы Қарағанды облаткомының төрағасы. Қарағанды тас көмір бассейнінің құрылысын, көмір ендіру көлемін ұлғайту, бассейнде жаңа техника енгізу және жаңа көмірлі аудандарды игеру жолындағы күресті ұйымдастырушылардың бірі.

КОКП 21-съезінің, Қазақстан Компартиясы 4, 9-съездерінің делегаты. 2,3,5 сайл. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Ленин орденімен 2 рет, Еңбек Қызьл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:15 сәуірде туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Днепрде туғандар Санат:9 мамырда қайтыс болғандар Санат:1971 жылы қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Шахтер даңқы белгісінің иегерлері Санат:Днепропетровск кен институты түлектері Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО тау-кен инженерлері Санат:Прокопьевск тұлғалары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары