Бек Ақатайұлы Төлеков (17.08.1926 жыл, Ақтөбе облысы) - Мүсінші, суретші-кескіндемеші. Қазақ. ҚР көркемөнер Академиясының толық мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Еңбек жолы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің мүсін бөлімін бітірген (1949). 1940-1942 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1949 жылдан - Гурьев облыстық театрының, Қазәдбаспасының суретші-көркемдеушісі.

Шығармалары Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж.Қуанышбаевтың мүсіні (1962) «Аналық» саябақ композициясы (Алматы қаласы ҚР Президентінің іс Басқармасы емханасының алдындағы, 1970) Чапаев ескерткіші (Орал қаласы, 1982) авторы. Әйгілі асыл тұқымды «Кептер» ақалтекесіне арналған камералық мүсіндер сериясының авторы. Суретшінің жұмыстары ҚР Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, аймақтық мұражайларда, Еуропа және Қазақстанның жеке коллекцияларында сақталудаҚазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2.

Ол «Абай»(1965, гипс), «Абай мүсіні»(1966, гипс, екеуіде Абайдың мемлекеттік қорық-музейі қоры) еңбегін жасадыАбай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9.

Қоғамдық қызметі КСРО, ҚР Суретшілер одағының мүшесіҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:КСРО кескіндемешілері Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:КСРО суретшілер одағы мүшелері Санат:Атырау облысы тұлғалары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері