Құндақ - машинаның, аспаптың, механизмнің, аппараттың сыртын жабуға, кейбір құрылымдардың элементтеріне тірек ретінде және айналатын бөліктерін қошауға арналған қорап.

Амортизатордың құндағы

Амортизатордың өзегі мен жоғарғы бөлігін қорғайтын цилиндірлік стақан.

Жылытқыштың құндағы

Көлік құралының жылытқыш бөлшектерін сақтайтын және бірлестіретін құндақ.

Жартылай өстің құндағы

Құндақ, оның ішінде жартылай өс орналасқан және ол автомобильдің жетекші белдік балқасының бөлшегі болып табылады.

Тіркес құндағы

Қозғауыштың маховигіне қосылатын тіркестің бөлшегі, оның ішіне тіркестің басқыш құрылғысы орналасады.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт