Иван Михайлович Кравченко - 1948 жылы 28 қарашада РКФСР Краснодар өлкесі Северский ауданы Ильский кентінде туған. Орыс. Әкесі - Кравченко Михаил Иванович, зейнеткер. Анасы - Кравченко Евгения Кирилловна, марқұм. Харьков авиациялық институтының ұшу аппараттарының двигательдері факультетін бітірген (1973), инженер-механик. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.
1966 жылдың қыркүйегінен - «Краснодарэнергжөндеу» жөндеу-қалпына келтіру кәсіпорны Ильск учаскесінің электр слесарі. 1966 жылдың қарашасынан - «Янтарь» Балтық маңы кеме құрылысы зауытының слесарь-кеме құрастырушысы. 1967 жылдан - Харьков авиациялық институтының студенті. 1973 жылдан - ұшақ технигі, Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 жылдан - Қолданбалы гидромеханика ҒЗИ филиалы секторының инженер-құрастырушысы, жетекші инженері, бастығының қызметін атқарушы, құрастырушылық бөлімі бастығының орынбасары. 1985 жылдың қаңтарынан - Алматының «Гидромаш» тәжірибелік-механикалық зауыты бас инженерінің орынбасары. 1985 жылдың қарашасынан - Қазақстан Компартиясы Әуезов аудандық комитеті бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылдың ақпанынан - Қазақстан Компартиясы Алатау аудандық комитетінің хатшысы. 1987 жылдың шілдесінен - Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінде бөлім меңгерушісі. 1988 жылдан - «Қызылту» ӨБ бас директорының орынбасары. 1990 жылы «Беккер ГмБх» германдық фирмасымен бірігіп «Беккер және К» БК құрған, сонда қазіргі уақытта бас директор болып жұмыс істейді. 1994 жылдан - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1996 жылдан - «Беккер және К» БК бас директоры. 2004-2006 жылдары - ҚР Индустрия және сауда бірінші вице-министрі. Қазақстанның Сапа көшбасшылары қауымдастығы басқармасының төрағасы (2006-2009); жыл сайынғы Алматы сапа жөніндегі халықаралық форумы ұйымдастыру комитетінің төрағасы (2006 жылдан бері). «Құрмет» орденімен (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001) марапатталған.
Әскери атағы - майор. Діни көзқарасы - атеист. Хоббиі - аңшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - Өнеркәсіп экономикасын бекіту, сапасын басқару тақырыптарындағы әдебиет, спорттық өмірбаяндар, детективтік жанр.
Ұлы - Кравченко Кирилл Иванович (1979 жылы туған), «Оргсервис» ЖШС заңгері.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар