Қазанғап өзені – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өзен.
Бастауы Басын Кешубай тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Ақтайлақ өзеніне құяды.
Гидрологиясы Солтүстіктен оңтүстікке қарай терең тілімделген сай-салалы өңірмен ағады. Ұзындығы 100 шақырымдай. Сарықұрақ деп аталатын жақ саласы бар. Өзеннің ұзына бойында ойдым қара сулар мен құрғақ табандар алмасып отырады. Жағасы жайпақ, кей жерлерінде тал-шыбық өседі. Өзен бойындағы өңірдің шөбі шүйгін. Өзен - еріген қар (60-70%) және бұлақ (жерасты) суымен қоректенеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы