Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев — Кеген ауданының әкімі. 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Теңізбаев Молдахмет, зейнеткер. Анасы - Теңізбаева Рысжан, зейнеткер. Орыс және қазақ тілдерін біледі. 1995 жылдан грек-рим күресімен айналыса бастады. Спортшы, нұсқаушы. Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы (Стамбұл, 2003); Әлем кубогының күміс жүлдегері (Иран, 2005); Азия чемпионатының қола жүлдегері (Ухань, 2005); Олимпиада ойындарының 60 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Пекин, 2008).Нұрбақыт Теңізбаев ресми түрде Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленді — Қазақстан, 22.11.2016. Грек-рим күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері. «Құрмет» орденімөн (2008) марапатталған. Хоббиі - ат спортының ұлттық түрлері. Үйленген. Екі баласы бар.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Күрестен Азия чемпиондары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары