Серік Ибрагимұлы Жәмбеталин - 1953 жылы 30 қазанда Көкшетау облысы Чкалов ауданының Қара ағаш ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жәмбеталин Ибрагим Қабылұлы (1918-2003), облыстық статистика басқармасында экономист болып жұмыс істегөн. Анасы - Жәмбеталина Шәмшия Әшімқызы (1927 жылы туған), зейнеткер. Хронологиясы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіргөн (1981), мамандығы - «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру». «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1976 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары. 1978 жылдан - Целиноград облыстық комсомол комитеті комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, студент жастар бөлімінің меңгерушісі. 1981 жылдан - Көкшетау облысы Зеренді ауданының «ҚазКСР -нің 40 жылдығы» кеңшарының еңбек жөніндегі экономисі. 1982 жылдан - Көкшетау облысы Рузаев ауданының ҚазКСР -нің 50 жылдығы атындағы кеңшарының бас экономисі. 1987 жылдың мамырынан - Көкшетау облыстық қаржы бөлімінің аға ревизоры - агроөнеркәсіп комитетінің инспекторы. 1987 жылдың шілдесінен - КСРО Мемлекеттік агроөнеркәсібі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жоспарлау және нормативтер институтының Көкшетау тірек бөлімшесінің меңгерушісі. 1988 жылдан - Көкшетау облыстық «Агросервис» өнеркәсіп бірлестігінің өндірістік-экономикалық бөлімінің бастығы. 1991 жылдан - «Бағдар» ШК директоры. 1993 жылдан - Көкшетау облыстық халықты еңбекпен қамтамасыз ету орталығының мемлекеттік инспекторы, мемлекеттік инспекция бастығы, бастығының орынбасары. 1994 жылдан - Көкшетау облыстық әкімшілігі Экономика басқармасы қаржы-несиелік қатынастар бөлімінің бастығы. 1995 жылдан - Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының экономика жөніндегі орынбасары. 1997 жылдан - «Атамекен» АТАҚ вице-президенті (Көкшетау қаласы). 1999 жылдың наурызынан - «Көкшехимсервис» ЖШС директоры (Көкшетау қаласы). 1999 жылдың маусымынан - Ақмола облыстық әкімдігінің кеңес берушісі, бас маманы, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 2003 жылдан - Ақмола облыстық Жер инспекциясы бастығының орынбасары. 2005 жылдан - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары, бірінші орынбасары. 2010 жылдың мамырынан бері - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. Жетістіктері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - автоәуесқой, шахмат, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - «ТАӨ» сериясымен жарық көрген кітаптар. Үйленген. Жүбайы - Барбанова Тамара Ермұқанқызы (1957 жылы туған), Ақмола облыстық статистика басқармасының есепшісі. Қызы - Әсемгүл.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар