Бауыржан Қабдырахманұлы Төребаев (5 наурыз, 1971 жыл, Гурьев қаласында туған) - Жоғары дәрежелі жаттықтырушы, Ұлттық дәрежедегі төреші, Таэквондо бойынша қара белбеудің, 3 данның иегері. Таэквондодан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004).

Өмірбаяны Ресей мемлекеттік дене тәрбиесі, спорт және туризм университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін спорт жаттықтырушысы мамандығы бойынша (Мәскеу, [2003); Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2006). 1991 жылдан таэквондомен айналысқан. 1992 жылдан - «ҚР Таэквондо федерациясы≫ РҚБ Атырау филиалының таэквондо жаттықтырушысы. 2000 жылдан бері - Атырау қаласының №1 ОРМБЖМ жаттықтырушы-дәріскері. 2004 жылдан бері - Атырау қалалық Олимпиада резервін Дайындау орталығының аға жаттықтырушысы.

Қоғамдық қызметі «ҚР Таэквондо федерациясы≫ РҚБ Атырау филиалының бас хатшысы.

Шәкірттері

Бірқатар ҚР спорт шеберін, ҚР Чемпионаттары мен Кубоктарының, Спартакиадаларының, халықаралық турнирлердің чемпиондары мен жеңімпаздарын дайындаған, атап айтқанда: 2003 жылғы Германияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Лия Асылбекқызы Нұркина 2008 жылғы Пекинде өткен XXIX Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Шылманов.

Жетістіктері Жоғары дәрежелі жаттықтырушы. Ұлттық дәрежедегі төреші. Таэквондо бойынша қара белдіктің, 3 данның иегері. Таэквондодан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004). ҚР Туризм және спорт министрлігінің грамоталарымен және дипломдары ҚР Білім беру министрлігінің грамоталарымен және дипломдары Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және дипломдары Олимпиадалық резервті дайындау орталығының грамоталарымен және дипломдары ОРМБЖСМ грамоталарымен және дипломдары Аймақтық дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығының грамоталарымен және дипломдары «ҚР Таэквондо федерациясы≫ РҚБ грамоталарымен және дипломдары.

Отбасы Әкесі - Төребаев Қабдырахман Атантайүлы, марқұм, ҚР Ұлттық банкінің Атырау филиалы тексеру бөлімінің бастығы болған. Анасы - Қуанышева Рысбек, зейнеткер, сауда саласында жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Мақымова Айгүл Өтепбергенқызы, үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Қабдырахманов Нұрсүлтан (1998 ж. т.), Қабдырахманов Бексұлтан (1999 ж. т.).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:5 наурызда туғандар Санат:1971 жылы туғандар Санат:Атырауда туғандар Санат:Ресей мемлекеттік дене тәрбиесі, спорт және туризм университеті түлектері Санат:Атырау инженерлік-гуманитарлық институты түлектері Санат:Қазақстан таэквондосы жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның ұлттық дәрежедегі төрешілері Санат:Таэквондо бойынша қара белбеудің иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақстан тхэквондошылары