Серік Секенұлы Апрымов (1960 жылы 28 қазанда Семей облысының Ақсуат ауылында туған) - режиссер.
Әкесі - Апрымов Секен (1921-1982), судья болып жұмыс істеген. Анасы - Қажиева Күлшен (1923-1973), үй шаруасымен айналысқан.
Алматы индустриалдық техникумын (1980) автомобиль тораптарының техник-механигі мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кино режиссурасы факультетін (Мәскеу қ., 1989) кинорежиссер мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясында жүргізуші.1984 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында кинорежиссердің ассистенті. 1989 жылдан бері - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-режиссер (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). Ресейлік «Ника» киноакадемиясының мүшесі (2005 жылдан). Қазақстан Жастар одағының лаурөаты (1992). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998). Үйленген. Жұбайы - Апрымова Гүлмира Шәмілқызы, атқарушы продюсер. Қызы - Апрымова Динара (1989 жылы туған); ұлы - Апрымов Әлішер (1990 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:28 қазанда туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Тарбағатай ауданында туғандар Санат:Қазақстан режиссёрлері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері