Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева - 1958 жылы 6 шілдеде Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Калинин атындағы ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жонтаев Алпамыс. Анасы - Әбілдаева Раушан. Хронологиясы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін (1981) орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қаржы және несие факультетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. «Қызылорда облысындағы білім берудің жағдайы мен дамуы туралы баяндама» кітабының; «Республикалық олимпиада материалдарының жинағы» әдістемелік көмекші қүралының; 20 ғылыми мақаланың авторы. «Асхана» автоматтандырылған жүйесі]]» өнертабысына ие (2010). Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1975 жылдан - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы М.И. Калинин атындағы кеңшарының жұмысшысы. 1976 жылдан - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының студенті. 1981 жылдан - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі. 1982 жылдан - №33 ОМ мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыс үйымдастырушысы (Қызылорда облысы). 1985 жылдан - №31 ОМ директоры (Қызылорда облысының Жалағаш кенті). 1986 жылдан- №33 ОМ директоры (Қызылорда облысы). 1992 жылдан- Қызылорда облысы Жалағаш аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі. 1993 жылдан - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің орынбасары. 1996 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің аппаратында ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - Қызылорда облыстық Мәдениет басқармасының бастығы. 2005 жылдан - Қызылорда облыстық Білім беру департаментінің директоры. 2007 жылдан - Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры. 2008 жылдан - Қызылорда қалалық Білім беру бөлімінің бастығы. 2009 жылдан бері - Қызылорда облыстық Білім беру басқармасының бастығы. Жетістіктері «Құрмет» орденімен марапатталған (2006).
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан - адами әлеуетінің деңгейі жоғары, әл-ауқаты артқан және экономикасы түрақты ел». Хоббиі - сөздік жинау. Сүйіп оқитын әдебиеті - «ТАӨ» топтамасы, классикалық әдебиет. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Нұрманов Төреғали Қожабергенұлы, «РМЗ Шапағат» ЖШС бас директорының орынбасары. ¥лы - Қожаберген Нұрай.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар