Тоқай – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысында, Егіндібұлақ ауылынан 40 км жерде. Батыстан шығысқа қарай 9-10 км-ге созылып жатыр, ені 2-3 км. Ең биік жері — 933 м.
Жер бедері Беткейлері тік (әсіресе, шығыс бөлігі), өзен аңғарлары жыра-сайлармен тілімделген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудың солтүстік етегінде бұлақтар бастау алады.
Геологиялық құрылымы Силур жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр қызыл топырағын да жусан, сұлыбас, тырбыққараған өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары