Виктор Никонорович Мирза (1940 ж.т.) партия кеңес, ауыл шаруашылығы қызметкері.

Фрунзе қаласындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Қарқаралы ауданындағы «1 май» кеңшарында бас агроном болудан бастаған. Кеңшар директоры, Ульянов аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Қарағанды облаткомы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық партия комитегінің хатшысы, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Қырғыз ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Қазақстан КП Ульянов аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері