Зинаида Петровна Семенова (1903-1978), геолог. Ленинград атындағы шығармашылық институтын (1925), Ленинград тау-кен институты жанындағы Жоғарғы геология курсты бітірді (1930). 1928-1930 ж. Геология комитеттінің механика анализ лабораториясында, бейметалл пайдалы қазбалар институтының литология партиясында жұмыс ңстеді. 1931 жылдан Қарағанды, «Қазақ көмір барлау» тресінің геологы , 1952 жылдан «Қарағанды» комбинатының бас геологы болды. Семенова көмірлі қабат жыныстарының құрамын тұңғыш рет зерттеді. Семенованың геологиягиялық зерттеулері Қарағанды көмір бассейнінде кокстелетін көмірдің жаңа учаскелерін ашуды қамтамасыз етті. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948). 3-4 сайланған КазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Шығармалары Литологическое описание лазреза Карагандинского каменно-угольного бассейна (1936).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1903 жылы туғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарағанды облысы тұлғалары