Қонақ (Echіnochloa) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде тропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған 25-тей түрі белгілі. Қазақстанның барлық аудандарында өсетін 2 түрі бар. Бау-бақша, егістіктерде, әсіресе күріш егістігінде, жол бойларында, елді мекендер маңында арам шөп ретінде жиі кездесетін түрі – қонақ тары (E. crus gallі). Биікт. 10 – 20 см. Сабағы түбінен бұтақтанған жалаң болып келеді. Ұзын жапырағы кедір-бұдырлы тілшіксіз жүйкеленеді де, ұшына қарай сүйірленеді. Дара гүлі қосжынысты, 2 – 4-тен шоқтанып сыпыртқы гүлшоғырына топталған, биікт. 20 см-дей. Масақ қабыршақтары 3, гүл қабыршағы қатаң, аталығы 3. Маусым – тамызда гүлдеп, жеміс cалады. Қ-тың екінші түрі – құрмақтың дәні Қызылорда және Оңт. Қазақстан облыстарында арпаның орнына пайдаланылады. С. Арыстанғалиев
Санат:Астық тұқымдасы