Түнқатар – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан тау.
Жер бедері Онтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Түнқатар асуы (оңтүстік-батыста) Түнқатар тауын Қожа тауымен, оңтүстік-шығыстағы Акшоқы тауларын бөліп тұрады. Ең биік жері 1161 м (Жаманбай тауы), оңтүстігінде 1061 м (Байдалы тауы). Таудың оңтүстік-шығыс сілемдері Қырғызбайсай, Байдалысай, Жылысай жыра-сайларымен тілімделген.
Геологиялық құрылымы Түнқатар көне дәуірдің жұрнақтары кездесетін ұсақтау шоқыларынан тұрады. Тау тас көмір кезеңінің гранитті жыныстарынан және төрттік дәуірдің жүйеленбеген делювилі-пролювилі шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Тау етегінде бетеге, боз, тобылғы, қараған т. б. өсімдіктер өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары