Телғожа Сейдінұлы Жанұзақов (15 шілде 1927, Нарынқол, Райымбек ауданы, Алматы облысы) - филология ғылымдарының докторы (1976), професор (1991).

Қысқаша өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1951 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1952–81 - Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер; 1981–94 - бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995 жылдан - осы институттың бас ғылыми қызметкері.

«Основные проблемы ономастики казахского языка» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жанұзақовтың ғылыми-зерттеулер жұмыстары қазақ тіл білімінің лексикография, терминология, ономастика салаларына арналған. 5 ғылыми монографиясы, 10 кітабы жарық көрген. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988).Қазақ энциклопедиясыҚазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:1927 жылы туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ тілін зерттеушілер