Хлоридті және сульфатты галогенез нәтижесінде галогендік шөгінділердің түзілімдену алабы. Мұндай алаптар бес морфологиялық түрлерге дараланған, олар: эпиконтиненттік теңіздердің біршама ауқымды шеткі белдемдері; ішкі тұзды теңіздер; құрлық өңіріне сұғынған теңіз шығанақтары; теңізден құмды қайырлармен (коса) жекеленген лагуналар; континенттік көлдер.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология Санат:Геология