Мұнай мен жанғыш газ іздеудің гидрохимиялық көрсеткіштері.

Мұнай және газ жатындары бар болуы мүмкін екендігін көрсететін жерасты суларының құрамбөліктік сипаты (газдық және иондық-тұздық құрамы). Төмендегі көрсеткіштер ескеріледі: көмірсутектер (этан, пропан, бутан және құрамында еріген және судан бөлінген газ түріңдегі метан молекулалары басым көмірсутектердің жоғарғы гомологтары): күкіртсудың, биохимиялық азоттың жоғары мөлшерлері; иондық-түздық көрсеткіштер: фенолдар, нафтендер, еріген органикалық заттардың тез тотығыштығы; аммонийдің, йодтың, бромның жоғары үйірімділігі (хлорбром коэффицентінің төмен көрсеткіші жағдайында); судың сульфаттармен толык қанықпауы; су құрамының негізінен алғанда гидрокарбонатты-хлоридті натрийлі және хлоридті кальцийлі-натрийлі болуы.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ