thumb|right|200px Қазыбек би көшесі (Алматы) Көшеге Орта жүздің атақты биі, Тәуке хан мен Абылай ханның кеңесшісі, сөз шебері Қаз дауысты Қазыбек бидің есімі (Алматы қаласы әкімінің 17.07.1992 №294 шешімі) берілген. Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1763) Қаратау маңында дүниеге келген. Қазақ пен қалмақ хандықтары арасында бейбіт келісім жасауға ықпал еткен. Қазақ хандығын нығайту үшін Төле би және Әйтеке би, Қабанбай мен Бөгенбай батырлармен біріге, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен. «Жеті Жарғы» Заңын дайындалуға қатысқан. Көше шығыстан батысқа қарай Кіші Алматы өзенінен басталып, Әйтиев көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Медеу және Алмалы аудандарын қиып өтеді. Бұрынғы атаулары: Губернаторская; Советская көшелері. Көшенің ұзындығы - 4900 метр. Көше бойында тарихи ғимараттар бар: Артиллеристер казармалары, Әйелдер гимназиясы, Ерлер гимназиясы, Пушкин сквері (қазіргі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы) т.б. Көшеде Жамбыл, Алматы технологиялық университетінің филиалы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Динамо» спорт дүкені, «Мелодия» дүкені, Медеу аудандық білім департаменті, Ю.Гагарин атындағы тігін өндірістік бірлестігі, Қазақ ұлттық энциклопедиясының редакциясы, Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты, Республикалық стоматология емханасының бөлімі, т.б. орналасқан.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: «ИП Волошин» баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Көше құрылымы Қаланың Медеу және Алмалы аудандарында орналасқан, Төле би мен Әйтеке би көшелерінің арасында, шығысында Бузурбаев көшесінен батысында Айтиев көшесіне дейін өтеді, Қалдаяқов, Қонаев, Фурманов, Панфилов көшелерін, Абылай хан даңғылын және Наурызбай батыр көшесін, Сейфуллин даңғылын, Байтурсынов, Қожамқұлов, Исаев көшелерін қиып өтеді. Шығысында көше бойымен 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк аллеялары орналасқан, оның кіреберісінде Кеңес Одағының Батыры И.В. Панфиловқа ескерткіш орнатылған. Көшенің жалпы ұзындығы 4 900 метр.
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері