Күләш Бәйсейітова көшесі (бұрынғы А. Байтұрсынұлы көшесі). Күләш Байсейітова көшесі Шыңтас орамынан басталып Қарталы көшесінде аяқталады. Қарасай батыр, Конституция, М.Дулатов, Абат-Байтақ, Н.Қожахметов, М.Жәлел, Шақпақ, Фахд бен Абдулла Әзіз, Талапкер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 2447,8 м.
Күләш Бәйсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері