thumb|300px|Жұмабек Тәшенов көшесі Жұмабек Тәшенов көшесі Александр Бараев көшесінен басталып, Асқар Тоқпанов көшесімен қиылысып, Манас даңғылында аяқталады. Ұзындығы - 2617 м.

Жұмабек Тәшенов (1915-1986) - мемлекет және қоғам қайраткері. Ұзақ жылдар жауапты партиялық қызметтерде болды. ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының, Министрлер Советінің төрағасы қызметін атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Бұл көшеде «Алатау» спорт сарайы, «Алматы» мейрамханасы орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері