Айыртас — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Айыртас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 км-дей жерде, Айыртас тауының етегінде орналасқан.

Тарихы Округ 1932 жылға дейін Семей облысы, Шұбартау ауданына қарап, орталығы Өгізтау (қазір қыстақ) болған. Іргесі 1965 жылы қаланған. «Айыртас» кеңшары, ауылдық кеңесінің орталығы болған. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары - қой шаруашылығы, қосымша сапасы жылқы, ірі қара өсіру болды. Кеңшар негізінде 1995 жылы 21 шаруа қожалықтары құрылды. Жерінің жалпы ауданы - 308,6 мың га. Округте Еспе өзені, Ойран, Ешкіөлмес, Тазқызыл, Күлқора, Долағай, Желдіқара таулары, Жорға, Жауыр тарихи орындары бар.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен671 381 184 48,3 211 122 57,8 170 62 36,5

Инфрақұрылымы Мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, пошта басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері