Қайрат Жолдыбайұлы Мәмбетбаев (14 қаңтар, 1978 жылы Темірлік ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы) — белгілі дінтанушы, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы.
Өмірбаяны Балалық шағы Темірлік ауылында дүниеге келді. Бастауыш мектепті Темірлік ауылында оқыды. Алтыншы сыныптан бастап тоғызыншы сыныпқа дейін Алматы қаласындағы №4 мектеп интернатында білім алды. Оқу жолы 1993 жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен Түркия республикасының Стамбұл қаласында «Құран сауат ашу" курсында 1 жыл оқып қайтты. 1994 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Мысыр араб республикасына діни білімін тереңдетуге жіберілді. Мысырда Әл-Азхар университетінің әуелі «Сәнауи» институын сосын «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдап 2001 жылы елге оралды.
Еңбек жолы 2001-2004 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінде ұстаз болып жұмыс істеді.
2003-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Дінтану бойынша магистратурасын тәмамдады.
2005-2006 жылдар аралығында имамдардың білімін жетілдіру иниститутында ұстаз қызметін атқарумен қатар «Алтын қалам» баспасында бас редактор болып жұмыс істеді.
2007-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Үгіт-насихат және интернетппен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
2009-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның аппарат басшысы қызметін атқарды.
2011 жылдың 3 қараша күні Қайрат Жолдыбайұлы Астана қаласында салынып жатқан Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып тағайындалды.Діни басқармада кадрлық тағайындаулар
2011 жылдың 23 желтоқсаны күні Қайрат Жолдыбайұлы Бас муфтидің 1-ші орынбасары болып тағындалды. Жаңа лауазымын Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамдығымен қатар алып жүретін болды.Бас муфтидің бірінші орынбасары тағайындалды.
Жанұясы Үйленген, төрт баланың әкесі.
Еңбектері «Ислам ғылымхалы», «Ақиқат шуағы», «Күдікпен күрес», «Дін мен діл», «Имани гүл», «Kemel adam»ҚМДБ сайты
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Қайрат Жолдыбайұлы - Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты Қайрат Жолдыбайұлы - Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты
Санат:Қазақстан ғалымдары