Кенорын морфологиясы — Кенорынның немесе жекелеген рудалы дененің пішіні; үш бағыттағы өлшемдерінің бір-біріне қатынасы тұрғысынан үш топқа жіктеледі:
1) теңөлшемді пішіндер (үш бағыттағы өлшемдері бір-бірімен шамалас);
2) бір бағытта қалған екі бағытқа қарағанда созылыңқы денелер (баған пішіндес т.с.с.);
3) екі бағытта әркелкі созылған, бір бағытта дамымаған денелер (қойнауқат тұрқылас, тақташа тұрқылас т.с.с денелер). Пішіні өте күрделі немесе бұрыш пішінді кенорындар мен руда денелері де ұшырасады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ