Қалба көшесі Манас даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Балбырауын, Баянтау, Арғанаты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 370,6 м. Бұрынғы атауы №58 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).
Қалба жотасы - Алтайдың оңтүстік-батысында. Негізгі Алтай жүйесінен Ертіс өзені арқылы бөлініп жатыр. Үзындығы - 400 шақырым, орташа ені - 120 шақырым. Ең биік жері - Сарышоқы тауы (1608 м). Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері