Еркебай Мергенбаев (20.1.1946 жыл, Қарақалпақстан, Төрткүл ауданы, Амаоба ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1982), доцент.
Қарақалпақ мемлекеттік университетін (1968) бітірген. ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген (1975). 1975—1978 ж. Беруни ауданы Э. Тельман орта мектебінде қазақ және неміс тілінің мұғалімі. 1978-1990 ж. Нүкіс мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент. 1990-1992 ж. филология факультетінің деканы. 1994 жылдан Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Шығармалары: ҚазКСР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі М. Балақаевтың жетекшілігімен "Меңгеру арқылы жасалған есім сөз тіркестерінің семантика-структуралық типтері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 30-дан астам мақала авторы. Семантико-структурные типы именных словосочетаний, образованных способом управления (тюркские языки). АКД., А., 1982; Контрольно-тренировочные упражнения пo казахскому языку. Нукус, 1983; Методические рекомендации пo написанию дипломных работ. Нукус, 1984(авт. бірі); Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі. А., 1991; Вопросы синтаксиса словосочетаний в тюркских языках. Нукус, 1993 (авт. бірі); Туркий тиллердеги созозгериу системасы. Нукус, 1994; Түркі тілдеріндегі сөзөзгерім жүйесі (қазақ, қарақалпақ және өзбек әдеби тілдері негізінде). АДД-, А., 1995.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер
Санат:20 қаңтарда туғандар Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қарақалпақ мемлекеттік университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Нүкіс мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Нүкіс мемлекеттік университеті декандары Санат:Түркітанушылар Санат:Қарақалпақстан филологтары Санат:Қарақалпақстанда туғандар