Міржақып Дулатов көшесі (Астана) - Міржақып Дулатов көшесі Сыдық Мұхамеджановнен басталып, Көктал көшесінде аяқталады. Шабал Бейсекова, Әбубәкір Диваев, К.Бәйсейітова, Ақан сері, Жалын, Жидебай, Аспара, В.Бартольд, А.Суворов, Қызылсу, А.Герцен, Тамшалы, Жосалы көшелерімен және Бесшатыр орамымен қиылысады. Ұзындығы - 3721,7 метр. Міржақып Дулатов (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, Алаш қозғалысының қайраткері, ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог, жалынды көсемсөз шебері. XX ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Қостанай облысы Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш романы - «Бақытсыз Жамал» (1910) және «Азамат» (1913), «Терме» (1915) кітаптарының авторы. Жазушылық , қоғамдық қызметке қоса педагогтік міндетті де көтерді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері