Н. Тілендиев қысқа көшесі Н. Тілендиев даңғылынан басталып, Болашақ көшесінде аяқталады. Жаңақоныс көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 1009,6 м.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) - аса көрнекті композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның «Халық қаһарманы», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Төрт жүзден астам ән мен романстардың, көптеген увертюралардың, елуден астам драмалық спектакльдер мен он тоғыз көркем фильмнің музыкаларының авторы.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері