Көшеге көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ тарихшысы, публицист, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Президиум мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Манаш Қозыбаевтың есімі (Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімшілігінің 11.06.2003 № 2/352 қаулысы) берілген. Қозыбаев Манаш Қабашұлы (1931-2002) Қостанай облысында дүниеге келген. Ол - 800-ден астам еңбектің авторы. Көше Бостандық ауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 500 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері