right|thumbКөшеге VIII ғасырда өмір сүріп, аты аңызға айналған қобызшы, ақын Қорқыт ата есімі (Алматы қаласы әкімінің 1994 жылғы 11 ақпандағы Ма61 шешімі) берілген. Қорқыт Бабаның әдеби-музыкалық мұрасы түркі тілдес халықтардың ортақ қазынасына айналған. Қорқыт ата мазары Қызылорда облысында тұр. Көше Алатау ауданындағы Шаңырақ 1 шағынауданында орналасқан. Бұрынғы атауы - 26-шы көше. Көшенін ұзындығы - 1600 метр. Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері