Сәуле Сұбықанқызы Мұстафина (1. 8. 1951 жылы туған, Өскемен қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1989). Алматы педагогикалық шеттілдер институтының ағылшын тілі факультетін бітірген (1970). 1972—1977 ж. АПШТ институтінің ізденушісі, аспиранты. 1977—1984 ж. сол институттың кафедрасының оқытушысы. 1984—1991 ж. ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы институтының аға ғылыми қызметкері. 1991—1996 ж. Шығыстану институтының аға ғылыми-қызметкері. 1996— 1997 ж. аудармашы. 1997 жылдан осы күнге дейін Грекия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде елшінің хатшысы болып қызмет істейді. 1983 ж. академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдаровтың жетекшілігімен қазақ тіліндегі текст құрылымының ерекшеліктері туралы кандидаттық диссертация қорғады.

Шығармалары: Текстообразующие средства казахского языка. АКД., А., 1989; Kazakh-English Dictionary. Dundwoody Pren Kensington, Maryland, USA, 1994; Интерференция e русской речи казахов. A., 1988 (авторлардың бірі).Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ тілі Санат:1951 жылы туғандар