Бұхарбай батыр көшесі - Жеңіс даңғылынан басталып, Әзірбайжан Мәмбетов көшесінде аяқталады. Желтоқсан көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 604,6 м.

Бұхарбай батыр (1822-1898) - аса көрнекті батыр, шешен. Кіші жүздегі Табын руының теке атасынан шыққан. Кенесары Қасымұлына қосылғанға дейін Қоқан бектерінің ықпалында болған. Бұхарбай Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады. Ол 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері