Күштер мен моменттердің эпюралары. Қимадан қимаға ауысқанда күш пен моменттің өзгеру заңдылығын көрсететін графиктер. Эпюраларды салу кезінде келесі ережелер сақталады: 1)эпюраның өсін арқалықтың бойлық өсіне параллель немесе онымен дөл етіп тандап алады; 2) білеудің бойлық өсіне параллель өстер жүргізіп, осы өстерге қималардағы күш пен моменттің табылған мәндерін белгілі бір масштабпен өлшеп салады; 3) эпюралардың осіне перпендикуляр штрих сызықтар жүргізіледі, әрбір сызық қимадағы күштің немесе моменттің мәнін көрсетеді; 4) эпюралардың сипатты ординаталарының саны қойылады, олар күш немесе моментгің мәнін көрсетеді, эпюралардың белгілері дөңгелекке алынады.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2

Бойлық күштердің эпюрасы — сырық ұзындығы бойынша бойлық күштердің өзгеру заңдылығын көрсететін графигі.

Бұралу моменттерінің эпюрасы — білік ұзындығы бойынша бұралу моменттерінің өзгеру заңдылығын көрсететін график.

Көлденең күштер мен иілу моменттердің эпюрасы арқалық ұзындығы бойынша көлденең күштер жөне иілу моменттерінің өзгеру заңдылығын көрсететін графиктер.

Дереккөздер

Санат:Материалдар механикасы терминдері