Эпициклоида (эпи... және грек. кykloeіdes – дөңгелек тәріздес, домалақ) – шеңбердің кез келген нүктесінің сол шеңбермен сырттай жанасатын әрі қозғалмайтын басқа бір шеңбер бойымен сырғанамай, дөңгелей қозғалуы кезінде сызатын жазық қисық сызығы. Эпициклоиданың дербес түрі – кардиода (қозғалатын шеңбер мен қозғалмайтын шеңбердің радиустары бірдей). Эпициклоида механизмдер теориясында қолданылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Эпициклоида · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.