Б. э. бұрынғы IV—I ғасырлар thumb|right|Аппий жолы. Б. э. бұрынгы IV г.— III ғ.|300px Рим өз тарихының алғашқы ғасырларында ежелгі Италияның басқа қалалары арасында еш ерекшелігімен көзге түспеді. Археологтар қазбалары болашақ қаланың орнындағы ең ежелгі елді мекендер б. э. бұрынғы сонау X ғасырда пайда болғанын көрсетті. Кейінірек Тибр өзенінің бойындағы шоқыларды б. э. бұрынғы VIII ғасырда біртұтас қалалық қауымға айналған италиялық тайпалар — латындар мен сабиндердің қоныс-жайлары пайда болды. Б. э. бұрынғы VIII—VI ғасырларда, ежелгі тарихшылар мәлімдеуінше, Римді патшалар басқарған, олардың ең соңғылары этрустардың Тарквинийлер әулетінен шыққан. Этрустар қуылған соң б. э. бұрынғы VI ғасырдың аяғынан Рим республикасының кезеңі басталды. Құл иеленушіліктің өрістеуіне орай дүние-мүлік теңсіздігі күшейіп, еркін тұрғындардың негізгі екі тобының — бай, бекзада патрицийлер мен толық правосы жоқ плебейлер арасында күрес үдей түсті. Б. э. бұрынғы III ғасырда плебейлердің азаматтық толық правоға қолы жетіп, патрицийлер өз артықшылықтарынан айрылды. Бай плебейлер бірте-бірте патрицийлер қатарына қосылып бүкіл билік бір уысқа жинақталған нобилитет құрды. Римнің күшеюіне мықты да тәртіпті армиясы көмектесті. Б. э. бұрынғы IV—III ғасырларда Рим этрус қалаларын, бұдан соң бүкіл Апеннин түбегін бағындырды.

Б. э. бұрынғы III—II ғасырлардағы қан төгіс соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі — Карфагенді күйретіп, осының ізінше Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңірінің мемлекеттерін жаулап алды. «Римдіктер белгілі дүниенің бәрін дерлік өзіне бағындырып алды»,— деп жазды б. э. бұрынғы II ғасырда аса көрнекті грек тарихшысы Полибий, сөйтіп, өз құдіретін ата-бабаларының үш ұйықтаса түсіне кірмеген, ал кейінгі ұрпақтары басып оза алмайтын шырқау биікке көтерді». Б. э. бұрынғы I ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құл иеленуші державасын құрды. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар есебінен үздіксіз ағылып келген құлдар тасқыны құл иеленушілік құрылыстың гүлденуіне жол ашты. Италияда ірі жер иеленудің өрістеуі ұсақ, орта жер иелерінің күйреуіне әкеп соқтырды. Құлдарды жан түршігерлік езу б. э. бұрынғы II ғасырдың аяғы мен I ғасырда орасан зор көтерілістер туғызды. Толық праволы римдіктер мен жер және саяси право үшін күрескен италиялық шаруалар арасында, Римді билеген сенатор шонжарлармен байыған құл иеленушілердің жаңа топтары арасында, Рим мен оған бағындырылған провинциялар арасында әлеуметтік қайшылықтар өрши түсті. Құл иеленуші тап ішіндегі үстемдік жолындағы күрес б. э. бұрынғы I ғасырда Республиканың құлауымен, Империяның орнауымен аяқталған ұзаққа созылған азаматтық соғысқа ұласты.

Рим мәдениеті этрустар мен гректердің пәрменді ықпалымен дамыды. Ерте дәуірде, әсіресе, этрустар едәуір әсер етті. Римдіктер этрустардан азаматтарды сословиеге бөлуді және мемлекеттік қызметті, діни ұғымдар мен әдет-ғұрыптарды, құрылыс тәсілі мен театр ойын-сауықтарын, әскерді ұйымдастыру мен гладиаторлық шайқастарды алды. Рим республикасының бүкіл тарихында дерлік б. э. бұрынғы II ғасырға дейін этрустардың мәдени тұрғыдан басымдығы сақталып келеді. thumb|left|«Бұқа базарындағы» дөңгелек храм. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы I ғ. Рим|300px

Грекияның жаулап алынуы римдіктерге грек өркениетінің асыл қазынасымен жақсы танысуына көмектесті. Рим ақыны Гораций былай деген: «Тұтқындалған Грекия сұсты Лацийг өнер әкеліп, жабайы жеңімпаздарды баурап алды...» Бұл сөздерде ақындық асыра сілтеудің басымдығы күмән келтірмесе де, гректердің көркемдік кемеңгерлігі алдында римдіктердің бас игендігін Гораций бейнелі түрде баса көрсетіп отыр. Ежелгі Элладаның әдебиеті мен мифологиясы, театры, поэзиясы мен философиясы Рим мәдениетіне пәрменді ықпал жасап, тіпті б. э. бұрынғы II ғасырда грек тілі жоғары қауымның тіліне айналды. Римге Грекияның көрнекті философтары, тарихшылары мен шешендері келіп тұрды.

Б. э. бұрынғы III—I ғасырларда құл иеленушілік қатынастардың гүлденуі мен тәуелді елдерден тасқындай түскен байлық римдіктердің өмірін өзгертті. Рим тарихының бастапқы ғасырлардағы қатал да қытымыр салтының мезгілі өтті. Бай виллалар пайда болып, сән-салтанат жиһаздары — көрікті күміс ыдыстар, алтын зерден тоқылған кілемдер, асыл бұйымдар тұрмысқа енді. Б. э. бұрынғы III ғасырдың аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынға грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Бұл римдіктердің көркемдік талғамын дамытуға жол ашты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары тамаша мүсіндерге толды. Олардың арасында Фидий, Мирон, Поликлет, Скопас, Пракситель, Лисипп сынды ұлы шеберлердің туындылары да болды. Рим ақсүйектері Ежелгі Эллада кескіндемелері мен мүсіндерінің үздік үлгілеріне қыруар қаржы жұмсады. Өнерді білу әрі ол туралы сыншылдықпен ой толғай алу — білімділік пен - өте мәдениеттілік белгісі есептелді. Жеке коллекциялардың өсуі грек мүсіндеріне зор сұраныс туғызып, б. э. бұрынғы I ғасырдан бастап Римге қоныстанған грек мүсіншілері эллин мүсіндерінің ең әйгілі ескерткіштерінің мәрмәр көшірмелерін көптеп дайындай бастады. Олардың көпщілігі біздің заманымызға дейін сақталған. Біз жоғалып кеткен грек түп нұсқасы туралы көбіне-көп осы көшірмелерге қарап түсінік аламыз. Шеберлер Рим бекзадаларының тапсырмаларын орындай отырып, өнерді тек сырттай түйсініп, жайбарақат ләззат алатын нәрсе деп ұғатын жеке адамдардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыруға тырысты. thumb|right|Фортуна Вирилис храмы. Травертин мен туф. Б. э. бұрынғы I ғ. Рим

Суретшінің қоғамдық жағдайы күрт өзгерді. Егер Грекияда құл иеленушілік демократияның гүлденген кезеңінде ол өзін мемлекет-қаланың полис мүддесін көздейтін және өз өнерінде қоғамдық биік мұраттарды бейнелейтін саналы кісісі, еркін азаматы есептесе, енді Римде ол саяси оқиғалардан шалғай, римдік азаматтық правосы жоқ, көбінесе еркіндік алған бұрынғы құл немесе ата тегі грек құл санатындағы адам еді. Рим әдебиеті римдік суретшілер мен мүсіншілердің есімдерін сақтамауы кездейсоқ жай емес.

Көркем творчествоға тұтынушылық тұрғыдан қарау мүсіншіні істі бұлжытпай орындайтын кәсіпшіге немесе тапсырма берушілер талғамына жарамсақтана бас шұлғитын ынталы көшірмешіге айналдырды. Ол өнерпаздық ісмерлік пен кәсіби шеберлікті мінсіз игергенімен, шынайы талант пен шабыттан жұрдай еді. Антик құл иеленушілік қоғамының дәстүрінше өнер шеберлерін еркін азаматқа лайықсыз дене еңбегімен шұғылданушылар деп жек көретін қатынас әсіресе Рим дәуірінде ерекше орныға түсті. Бұл құбылысты грек сықақшысы Лукиан дәл бейнелейді, ол шығармаларының бірінде: «Тіпті, сен Фидий мен Поликлет болып, көптеген таңғажайып туындылар жасасаң, сенің творчествоңды жұрт жабыла мақтай бастайды, бірақ осы шығармаларды көргендердің бірде-бірі, басында ақылы бар жанның ешқайсысы да сен сияқты болғысы келмейді. Өйткені сені жұрттьщ бәрі қалай ойласа, шынында да, солай болып шығатын, тек жұмыс істей білетін және қол еңбегімен күн көретін кәсіпқои деп есептеиді ғои» ,— деп жазған.thumb|left|Рим форумы|400px

Римдіктердің творчестволық даналығы сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше айқын көрінді. Рим сәулетшілерінің ғимараттары, ең алды мен, практикалық мақсатқа қызмет етті. Таңғажайып жолдар салынды. Оның ең ежелгісі және ең атақтысы — Аппий жолы — Римді оңтүстік Италия қалаларымен жалғастырды. Мұның құрылысын б. э. бұрынғы 312 жылы Аппий Клавдий бастаған. Римге таяу жерде жолға алып шаршы төлкелер, ал қалған жағына жанар тау тасқынынан шыққан қалқа тас төселген, жолдың ені 4,3 метрден 6 метрге дейін. Рим ақындарының бірі оны «қиянға тартқан жол патшасы» деп атаған. Осы жолмен Жерорта теңізі өңірінің халықтары мен мемлекеттерін жаулап алуға аттанған Рим легиондары өткен, осы жолдың бойында б. э. бұрынғы 71 жылы Спартак көтерілісіне қатысқан құлдар ашамайға таңылып, асып өлтірілген. Римдіктер ғасырлар бойы осындай тас төселген жолдар торабымен тек Италияны ғана емес, көптеген провинцияларды да жалғастырды.

Аппий жолының екі қапталына Рим ақсүйектерінің семьялық мазарлары орналасқан. Солардың арасында б. э. бұрынғы I ғасырда салынған Цецилия Метелланың монументтік мазары ерекше тұлғаланып тұр. Сәулеті жағынан ол ар жағы 23 м шамасында шаршы іргетастың үстінде тұрған алып цилиндр. Бейіт пішіні этрустар қорғанын еске түсіреді: ертеде ол конус түрінде біткен, бірақ орта ғасыр дәуірінде оны қорған мұнарасына айналдырып қайта салған. Бейіт конструкциясы Рим сәулет өнеріне өте-мөте тән, бұл — шебер қаланып, серек таспен жалтыратылған бетон шомбал.

Б. э. бұрынғы III—II ғасырлар аралығында Рим құрылысшылары римдік сәулеттің аса көрнекті жетістігі — берік те су өткізбейтін бетонды тұңғыш рет пайдаланды. Бұл материал сәулетшілерге ірі ғимараттар мен күмбезді шатырлар салуға мол мүмкіндік ашып берді. Б. э. I ғасыры қарсаңында бетон құрылысқа берік енді. Мұндай тәсілді қолданғанда алдымен кірпіш қорабының қалыбы жасалып, оған қиыршық тас пен ертінді лай қоспасы кезек қабаттастырыла нығыздай толтырылатын. Қабаттар көлденең жүргізіліп, бетон мейлінше тегіс, мызғымастай берік қатуы үшін белгілі бір ара қашықтықты сақтай отырып, бүкіл қабырғаның ұзын бойына бір қатар кірпіш қаланатын. Бетон қатқан кезде шегенделген кірпіш қалыбымен қоса біртұтас құймаға айналады да, барған сайын ширап, беки береді. Ғимараттың төбесін күмбездеп келтіру үшін әуелі ертіндімен ұстастырылған кірпіш арка жасалатын. Қат-қабат бетон құйылған осы аркалар сүйеніш, тірек қызметін атқаратын. Мұндай конструкция, қарапайымдылығы мен тиімділігін былай қойғанда, бұл ғимараттар беріктігін де орасан зор арттырып, Құрылысқа маманданбаған құл еңбегін кең пайдалануға мүмкіндік беретін. Ғимарат сырты тас блокпен, мәрмәр тақталармен көмкерілетіндіктен, бүкіл құрылыс түгел тастан қаланғандай болып көрінетін.thumb|right|Рим форумындағы Сатурн храмының колонналары Б.э. бұрынғы I ғ.

Римдіктер храмдар салуда гректер мен этрус сәулет өнерінің бай тәжірибесін пайдаланды. Тибр өзенінің жағасында тағдыр тәңіриясы Фортуна Вирилиске арналған храм сақталған. Ол б. э. бұрынғы I ғасырда Бұқа форумыдеп аталған, ертеде мал сатылатын алаңға салынған. Қарапайым да тап-тұйнақтай пропорциясымен көзге түсетін ғимарат биік тұғыр табанда — подиумда тұр, кең басқышы мен алты колонналы портигі оның қасбетіне өзгеше бір айбынды көрік береді. Ғимараттың көк тіреген кіндігі аумақты, кең портигі мен оған өтетін басқыш арқылы айқындай көрсетілген. Мұндай тәсіл этрус храмдарына тән. Ғимарат қабырғалары шаршы төлкеден қаланып, ал колонналары қатты серек тастан (травертиннен) қашалған. Подиум беті де сонымен көмкерілген. Материалдың ала-құлалығын байқатпау үшін ғимарат қабырғасы жұқалап сыланған.

Римдіктер ғимаратты әшекейлеуде гректік ордер жүйесін кеңінен пайдаланған. Фортуна храмында сымбатты иониялық колонналар портик арқалығын көтеріп тұр, ал жартылай колонналар ғимарат қабырғасын бірнеше бөлікке бөлген. Колонналардың байсалды ырғағы сәулеттік бейне тұтастығын аңғартады.

Фортуна храмының қасында жұрт ұзақ уақыт бойы ошақ басының , тәңіриясы Вестаға бағышталған деп есептеген дөңгелек храм бар. Қазір ғалымдар мұны жеңімпаз Гераклдің храмы деп жорамалдап жүр. Ол Парос аралынан әкелінген гректің ең асыл мәрмәрінен салынған. Композициясы ғажайып қарапайымдылығымен, кемелдігімен көзге түседі. Корнифтік капительдерге тірелген метрлік колонналар шағын ғимаратқа сұлулық пен сәнділік беріп тұр. Храмның алғашқы арқалығы жоғалған, қазір ол тікелей колонналар капительдерінде жатқан конус тәрізді шатырмен жабылған. Осы храмда пайдаланылған коринфтік ордер содан бері римдік сәулет өнерінің жиі қолданылатын тәсіліне айналды. thumb|left|Брут дегеннің мүсіні. Қола. Б. э. бұрынғы І ғ. бірінші жартысы. Рим. Палаццо Консерватори|350px