Компаративтілік— мәдениеттануда салыстырмалы зерттеу арқылы мәдениеттегі жалпы және ерекше құбылыстарды анықтау, ондағы даму тенденциясын айкындау әдісі. Компаративтілік әдісіне жататындары:
салыстырмалы әдіс (әртүрлі текті объектілерді салыстыра отырып табиғатын ашу), тарихи типологиялық салыстыру (генезисі мен даму жағдайлары бірдей, шығу тегі жағынан түрлі құбылыстардың ұқсастығын түсіндіреді), тарихи-генетикалық салыстыру (құбылыстардың ұқсастығы олардың шығу тегі жағынан жақындығының нәтижесі), т.б.
Компаративтілік ағымы тарих ғылымында, тіл білімінде, этнографияда, социологияда, заң ғылымында, әдебиеттануда кеңінен қолданыс тапты.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология