Жас баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын, өзін қоршаған ортамен таныстыратын сол өзі өмір сүріп отырған ортадан туындайтын ойындардың бірі — «Қой бағу» ойыны.
Жаңа қонысқа келіп, үлкендер үй тіккенше, жас балалар түйенің кепкен құмалақтарын жиып, оны «қой», қойдың құмалағынан «қозы» деп «қой бағу ойынын ойнаған. Бұл «қой бағу» ойынының сәбилер үшін қызықтығы сонша, тіпті ойын үстіндеі бірінің құмалағы бірінікімен қосылып кетсе, қайтадан бермеуге тырысады. Бұл ойынды көшпелі халық өміріне байланыстырып ойнаған. Ойынның негізгі мақсаты балаларды малсақтыққа баулу, олардың көзін де ойын да қанықтыра беру керек.Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3
Тағы қараңыз Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі
Дереккөздер
Санат:Қазақтың ұлттық ойындары