Ерғали Ошпанбайұлы Түзелбаев (10.02.1955 жыл, Алматы қаласы) - полиция полковнигі, Заң ғылымдарының докторы (2005). Қазақ.
Білімі КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі (1976); КСРО ІІМ Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнктурасын бітірген (1991).
Ғылыми атақтары Заң ғылымдарының кандидаты (1991). «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент (1998). Заң ғылымдарының докторы (2005).
Монографияның, ҚР-дағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікке және діни экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚР ІІМ мамандандырылған оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша 48-ден астам ғылыми мақаланың, оқу-тәжірибелік жене оқу-әдістемелік көмекші құралдың авторы.
Еңбек жолы 1972 жылдан - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1976 жылдан - Алматы қаласы Калинин АІІБ қылмыстық іздестіру инспекторы, аға инспекторы, штаб бастығы. 1981 жылдан - КСРО ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы. 1983 жылдан - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің курс бастығы, әкімшілік құқық кафедрасының дәріскері. 1988 жылдан - КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкты. 1991 жылдан - ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің дәріскері, аға дәріскері. 1992 жылдан - «СВАМИ» ЖШС заңгері. 1994 жылдан - ҚР ІІМ Штабы инспекциясының бас инспекторы; ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығында құқық қорғау органдары секторының аға сарапшысы, меңгерушісі. 1997 жылдан - ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесі сырттай оқыту факультетінің бастығы. 1999 жылдан - ҚР ІІМ Академиясы сырттай оқыту факультетінің бастығы. 2001 жылдан - ҚР ІІМ Кадрлық жұмыс департаментінің Оқу орындары және кәсіби дайындық басқармасының бастығы; ҚР ІІМ Қостанай заң институтының бастығы. 2003 жылдан - ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжінің бастығы. 2009 жылдан - ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжінің бастығы. 2010 жылдан бері - ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы.
Қоғамдық қызметі Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс және нашақорлыққа қарсы күреске байланысты мәселелер бойынша түрлі халықаралық ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысқан. «Ғылым» халықаралық ғылыми журналының редакциялық кеңес төрағасы. ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының жанындағы докторлық кеңестің мүшесі.
Марапаттары «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» «Қазақстан полициясына 15 жыл» 3-ші, 2-ші дәрежелі «ІІО-дағы мінсіз қызметі үшін» ҚР ІІМ «ІІО ардагері» медальдары; «Милиция озаты» белгісі; КСРО ІІМ, ҚР ІІМ құрмет грамоталарымен марапатталған; ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескеілген. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Құрметті қызметкері (2002). ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.
Шендері Полиция полковнигі.
Отбасы
Үйленген. 2 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:18 ақпанда туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қарағанды жоғарғы полиция мектебі түлектері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ішкі істер министрлігі академиясы оқытушылары Санат:Қарағанды жоғарғы полиция мектебі оқытушылары Санат:Алматы жоғары техникалық училищесі оқытушылары Санат:Қостанай заң институты директорлары Санат:Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжі директорлары Санат:Ақтөбе заң колледжі директорлары Санат:Ақтөбе заң институтының ректорлары Санат:Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан полициясына 15 жыл медалінің иегерлері Санат:2-дәрежелі Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:3-дәрежелі Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:Ішкі істер органдары ардагері медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан полиция полковниктері