Василий Тарасович Шевченко (22.12.1921 жыл, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Владимировка кенті) - мемлекеттік қайраткер.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1958), заңгер. «Отанды аялаңдар» кітабының авторы (2000).
1940 жылдан – мұғалім; Қызыл әскерінің қатарында қызметте, ҰОС ардагері. 1942 жылдан – Затобольск аудандық атқару комитетінің бөлім бастығы. 1943 жылдан – Қостанай облысы бойынша МҚМБ аға жедел өкілі. 1949 жылдан – Жамбыл облысы бойынша МҚКБ бастығының орынбасары. 1955 жылдан – СҚО бойынша МҚКБ бастығы. 1961 жылдан – Тың өлкесі бойынша МҚКБ бастығы. 1965 жылдан – ҚазКСР МҚК төрағасының орынбасары. 1970 жылдан - Тәжік КСР МҚК төрағасы. 1975 жылдан – ҚазКСР МҚК төрағасы. 1982 жылдан - КСРО МҚК Жоғары курстарының бастығы (Алматы қаласы).
1989 жылдан – еңбегі сіңген демалыста. 8-ші сайланған Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 9-10-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Қазан Революциясы, Жауынгерлік Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, ҚазКСР және Тәжік КСР Жоғарғы Кеңестерінің құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРО МҚК Құрметті қызметкері.
Қызметінен босатылған генерал-лейтенант.
Үйленген. Жұбайы – Шевченко Екатерина Фоминична, зейнеткер. 2 баласы, 3 немересі мен 5 шөбересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:22 желтоқсанда туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Қостанай ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағалары Санат:Тәжікстан депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Жауынгерлік Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары